Колледжіміздің 2апКШИ-11 тобының студенті Ғаппар Аяжан Досболсынқызы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті ұйымдастырған Техникалық және Кәсіби білім беретін оқу орындары студенттерінің оқу зерттеу жобаларының “Ғылым әлемін аша отыра-Ѵ” атты республикалық конкурсына қатысып, 1-орын иегері атанды.
Аяжанның ғылыми жұмысында Шет тілі кафедрасының құрылу тарихи, ардагер ұстаздар мен меңгерушілер, мақтан тұтар шәкірттері сөз етілді. Ал жобаның өнімі ретінде арнайы жасақталған сайт пен көрнекілік стенд ұсынылды. Әділ қазылар алқасы студенттің еңбегін жоғары бағалап, сәттілік тіледі. Айта кететін жайт, Аяжан Ғаппар осыған дейін аталмыш жобаны “Кафедра тарихы - колледж тарихы” байқауында да қорғап, ерекше көзқарасымен есте қалған еді. “Үлкен тарих кішкентай тарихтан бастау алады” деген Аяжанның ғылыми-шығармашылық жұмысына табыс тілейміз.