Қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.