29 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Б.Б.Құрманғалиева Lesson study 1аКШО-9 тобына «Қазақ әдебиеті» пәнінен Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі қоғамдық және шығармашылық қызметі жөнінде мәлімет беру, ақынның өзіндік мұратын таныту, өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу;
әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Ұйымдастырушы кезеңде студенттер «Флешка» әдісі арқылы үш топқа бөлінді. «Банкомат» әдісі арқылы үй тапсырмасына байланысты сұрақтарға жауап алынды.
Жаңа материалмен танысу кезінде Қ.Аманжолов шығармашылығынан видео көрсетіліп, «Өзім туралы» өлеңі тыңдатылды.
Операциялық іс-әрекет кезеңінде топ студенттері 1-топ: Қ.Аманжолов шығармашылығы, 2-топ: «Өзім туралы» өлеңін құрылысына талдау, 3-топ: Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау (Көркемдегіш құралдарды табу)
1-топ: А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі мен Қасымның «Өзім туралы» өлеңдерінің өзектестігі, үндестігін табу, пікір айту.
2-топ: Абай мен Қасым ойындағы ұқсастық туралы пікір айту. Қандай адам өлмейді?
3-топ: Ақын бейнесін талдау сияқты топтық жұмыс орындаса, «Лирикалық кейіпкерге мінездеме», «Берілген сөздердің мағынасын табу», «Ассоциация» әдісі бойынша өлең шумақтарындағы негізгі ойларды топтап жазып, мазмұнын ашу, «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» тақырыбында ойтолғау тапсырмаларын жеке және жұптасып «Lesson up» платформасында орындады.
Бақылау, зерттеу жұмыстарын С.М.Кенжегалиева, Ж.Е.Молдағалиева, А.К.Джумагазиевалар әртүрлі топқа бөлінген студенттермен араласа жүріп жүзеге асырды.
Зерттелген «А», «В», «С» деңгейіндегі студенттердің орындаған тапсырмаларынан күнделікті білім дағдыларынан өсу деңгейі байқалды. Зерттеу мақсатына жетті.
Зерттеу сабағына З.А.Кошанова, С.М.Кенжегалиева, Ж.Е.Молдағалиева, А.К.Джумагазиевалар қатысты.