«Сабақ үрдісінде бағалау нәтижесіне жету жолындағы ақпараттық-әдістемелік қолдау» жобасы жыл бойы нәтижелі жұмыс жасап келеді. Жобаның мақсаты: Сабақ үрдісінде колледж оқытушыларына ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсете отырып, бағалау нәтижесіне жету, колледждегі білім алушылардың білім сапасын арттыру.
Аталған жоба аясында колледжімізге Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Максутова Жансауле Артурқызы «Оқыту үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.