19 наурыз күні Жаңару күніне орай студенттер үйінде де Наурыз мейрамы тойланды.
Бұл шараның ерекшелігі: қолданыста қазіргі таңда көп кездесе бермейтін ұршық иіру өнерімен, жүн түту, құрт жасауды жаңартып, тақияға қасабаны қоса тігуді жаңғыртуында.
Сонымен қатар студенттер үйінің кіші қызметкерлері тұрғындарға арнап дәмді бауырсақтармен, наурыз көжелерін ұсынды.
Бүгінгі шара әсем әндер айтылып, би биленіп, күмбірлеген күй көңілден шыққан кеш болды.