14.03.2024 күні 1аКШИ-9 тобы «Амал күніне» орай колледж оқытушыларың, жұмыскерлерің, студенттерің көрісу күнімен құттықтады.
14 наурыз күні таң біліне бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе қарты бар үйлер ерте оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады. Міндетті түрде әр үй дастарқанын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді.