15 наурыз қайырымдылық күніне орай Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері 2асКДО-9 тобы және кураторы Надежда Есмагуловна мен бірге қаламыздағы адал еңбек етіп жүрген адамдарға қайырымды іс жасап, қуантқан болатын.
Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.