Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжімізге 110 жыл толуына орай ардагер ұстаздарды ұлықтау шарасы педагогика және психология кафедрасында жалғасын тапты.
1 наурыз күні педагогика және психология кафедрасында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздар Галимова Абила Өтепқалиқызы және Ильясова Раиса Қасымқызымен көктемнің алғашы мерекесі Алғыс айту күніне орай кездесу кеші өтті. Кешке шақырылған қонақтарды колледж оқытушылары мен 1апКШО-11, 1асРШО-9 тобының студенттері құрметпен қарсы алды. Кеште сөз алған колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Мукашев Мұхамбет Сұпығалиұлы шақырылған қонақтар мен қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Шара барысында ардагер ұстаздар «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығында оқитын студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жинаған мол тәжірибелерімен ой бөлісті. Ардагер ұстаздарды ұжымдағы әріптестері мен шәкірттері шексіз құрметтейді. Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүрген Мұратова Мөлдір, Балагадинова Салтанат, Маканова Мейрамгүл, Самигуллина Жеңісгүл, Муханбетжанова Лаура, Джумагалиев Мустафа, Бақтыгалиева Айару, Сағынғалиева Айкөркем, Бақи Жанар, Орынбасаров Ермахан және т.б түлектердің шын жүректен жолдаған құттықтаулары ұстаздарының мерейін өсірді.
Кешке ардагер ұстаз Раиса Қасымқызының шәкірті, колледж түлегі Төлегенова Армангүл қатысып, колледж қабырғасында тәлім-тәрбие беріп, маман ретінде қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген ұстаздарына үлкен алғысын жеткізді. Кафедра жетекшісі Сахипова Жанаргүл Мендібайқызы зейнет демалысындағы ардагер ұстаздарға кафедраға келіп, студенттер мен әріптестеріне ілтипатпен бағыт-бағдар беріп, риясыз сұхбат өрбіткендері үшін алғыс білдірді. Кеш барысында студенттер Уразбаева Гүлсая, Маулетова Қарлыға, Азаматқызы Ләззат, Жайлау Қасиет, Молоткова Вера, Щербук Мария ұстаздарға өлең жолдарын арнады. Шара Qj квартеті орындауындағы «Ана», «Ұстазым» әндерімен және 1а КШИ-11 тобы студенттерінің орындауындағы қазақ биімен жалғасты.
Аяулы ардагер ұстаздармен кездесу кеші студенттердің бойында өз мамандықтарына деген қызығушылықты арттырып, сенім берді. Ардагер ұстаздар да колледж ұжымы мен кафедрадағы әріптестері атқарып жатқан әрбір іс- шараның жоғары деңгейде өтетінін бағалап, тілектестік, ризашылықтарын білдірді.