Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Колледжде орыс, татар, башқұрт, марией ұлты, өзбек т.б. 92 этнос өкілі білім алуда.
29 ақпан күні “Алтын жүрек” челленджі аясында Студенттік Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен “Алғысым шексіз” атты колледждің оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне ризашылық сезімін білдіру мақсатында мерекелік шара өтті. Шараның бірінші бөлімінде колледжімізде білім алып жатырған өзге ұлт өкілдерінің студенттері қазақ еліне, колледж ұжымына білім мен тәрбие үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, Студенттік Парламент мүшелері ән айтып, би билеп, қонақтарға мерекелік көңіл-күйін сыйлады.
Шараның екінші бөліміне қатысушылар түрлі - түсті жүрекшелерді таңдап топтарға бөлініп, Пазл әдісімен топ атын анықтаса, караокеде ән айту, колледж туралы, кино, мақал-мәтел бағыттары бойынша викториналық ойындар ойнады.
Шара соңында директордың ақпараттық істер жөніндегі орынбасары Ақан Маликұлы мерекемен құттықтап, Студенттік Парламент мүшелеріне алғыс білдіріп, жеңімпаз командаларды және арнайы номинация иегерлерін марапаттады.