«Ана- сая болар бағың болса, Әке- асқар тауың» дейді халқымыз.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.Әке- шаңырақтың тірегі.Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі- баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын,оған қарап өсетін нысанасы.Осы орайда студенттер үйінде тұратын ер балдарымыз арасында «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.
Бұл көрсетілімде ұлдардың әкелеріне деген мақтаныш сезімдерін көздерінен байқауға болады.Сұхбат соңында «Мен -болашақ әке, отағасы» атты күнделікті үй тіршілігіне қажетті жұмыстарды үйрену кезінде түсірілген фото-монтажды тамашалады.Олар әлі де болса отбасын құруға дайын емес екендерін айтып күліп алды.Сұхбат барысында ұлдар өз ойларын ашық айтып, әкеге деген сезімдері мен құрметтерін білдірді.