Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйіндегі “Көріктім” үйірмесінің жұмысымен таныс бола отырыңыздар.Қыз-қылығымен көрікті. Қыз-бала-әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екені сөзсіз! “Көріктім” үйірмесінің мақсаты:жас қыздарға шашты күту, оны әсемдеп өру, өрудің әртүрлі түрлерін үйрену, бұрымды қыз және қазақи үлгідегі өру тәсілдерін жастарға, құрбыларына дәріптеу болып табылады.Үйірмеге шашына күтім жасауға қызығатын және өру тәсілдерін үйренгісі келетін қыздар қабылданады.
Үйірмеде шаш күтімі мен бет күтімі, киіну туралы айтылып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру басты мақсатымыз. Шашты жайып жүру қазақ қыздарына салттық тұрғыдан жараспайды, әсіресе қазіргі қоғамда ондай жағдай жиі кездеседі.Үйірме отырысында қыздар жақсы көніл-күйде болып, көп мәлімет алып, ой бөлісеміз.