Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Б.Б.Құрманғалиева 1аКШО-9 тобына «Қазақ әдебиеті» пәнінен С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасынан ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасымен таныстыру, поэманың тақырыбы мен идеясын ашу арқылы поэманың әдеби құндылығына тоқталу.
Міндеттері:
• Поэмадан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін қолдану;
• Тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
• Поэманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстыру;
Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезеңде «Білім жеделсатысы» әдісі арқылы өткен тақырып сұрақтарына жауап берді. QR код арқылы топқа бөлінді. Кинометафора әдісінде кейіпкер туралы шағын бейне жазба көрсетілді https://youtu.be/6k64px_7LUc?si=5cZVkFkY1gdM44sW және слайд арқылы ақын өмірі мен шығармашылығы туралы тағы біраз мәлімет беріледі. https://qazcomics.kz/ru сайтынан поэмада айтылатын аңыз әңгімелердің шығу тарихын білді. «Көкшетау» поэмасы мәдени мұрамыздың қатарына енген шоқтығы биік шығарма. Композициясы күрделі, бірнеше сюжетті желіден тұратын, көркем бейнелі туынды. Автор табиғатты, дыбыс пен қимылды Абылай хан заманын, қазақ еліне жан-жақтан жасалған қысым жайында адам мен табиғатты салыстыра отырып жазады. Поэма сюжеті қазақ жеріне басқыншылық саясат жүргізіп, тынышсыз көрші қалмақтармен есеп айырысу кезінде қолға түскен тұтқын қыз төңірегінде өрбитіні туралы түсіндірілді.
https://youtu.be/6PquEhvb4Hg?si=6h4Gk99oQUPVxsXD
Қызығушылықты арттыруда Lesson Up https://www.lessonup.com/site/en платформасында «Тағдырдың өзі берген куәлікті», «Ойлан. Бөліс», «Жарыссөз асатаяғы» айдарларында топтық тапсырмалар орындалып, білім алушылардың қызығушылығын арттырды.
Жеке. Жұптық. Топтық тапсырмаларда поэмадан «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді, ақын суреттеуіндегі қалмақ қызының, Адақ батырдың портреттерін тауып оқыды. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыстанды. Топ басшылары бағалау парағы арқылы топ мүшелерін өзара бағалап отырды.
«Ашық микрофон» әдісі арқылы кері байланыс орын алып, үйге («Сәкен- табиғат пен адам өмірінің жаршысы» шығарма жазу; Поэманы оқу, үзінді жаттау. Әдеби теориялық ұғымдарды табу.) тапсырма берілді.