12.02.20224ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «САБАҚ ҮРДІСІНДЕ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕСІНЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ» жобасы шеңберінде Орал қаласының ФМБ НЗМ информатика пәні мұғалімі, мұғалім-сарапшы NIS, Білім беруді басқару ғылым магистрі (Назарбаев Университеті), Болашақ бағдарламасының стипендиаты Нагибова Гулзина Сапаргалиевна өткізуімен «Мұғалімнің зерттеуі: Мүмкіндіктер мен Қиындықтар» тақырыбында шеберлік сағаты өз мақсатына жетті.
Шеберлік сағатында «Action Research», «Тәжірибедегі зерттеулер» ұғымына тереңірек тоқталып, Сапалық зерттеу мен сандық зерттеулер тереңірек талданды. «Зерттеуді қалай жоспарлауға болады?», «Зерттеу әдістемесі» туралы теориялық түсінік беріліп, активити кезеңінде еркін жеке жұмыстануға мүмкіндік берілді. Практикалық жұмыс бөлімінде жұптық, топтық жұмыстар толығымен жүзеге асырылып, Зерттеу сұрақтарын анықтау «Миға шабуыл» ретінде берілді.
Мәселені анықтау
Шешу жоладрын болжау
Сұрақты құрастыру
Әдебиеттерге шолу жасау үшін кілтсөздерді анықтау
Әдістемесін таңдау
Оқытуышыларға жаңадан серпін беріп, қызығушылықпен жұмыстануға түрткі болған әріптесіміз Нагибова Гулзина Сапаргалиевнаға ризашылығымызды білдіреміз.