30.01.2024ж. күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде директордың оқу -әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.С. Есенованың ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолындағы жас маман» тақырыбында семинар-коучинг өтті. Шараның мақсаты: Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, көңіл-күйін көтеру және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Шара кезеңдері:
1. Тренинг: «Мен сізбен мақтанамын».
2. Электронды журнал жүргізу ережесі.
3. «Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім».
4. «Жасырын хат, ойлан тап!» жаттығуы.
5. Рефлексия.
Қатысушылар әріптестеріне өздерінің жылы шырайлы тілектерін айтып, мақтанарлық қасиеттерін атап өтті.
Директордың ақпараттық жұмысы жөніндегі орынбасары А.М. Бижанов «Электронды журнал жүргізу ережесі» туралы айтып, СМАРТНЕЙШН платформасымен жұмыстану жолдарымен таныстырды.
«Мен жас маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім» сұрақ-жауап айдарында қатысушылар өздерінің кездеске қиындықтары мен мәселелерін, қалай сол жағдаяттан шыққандарын ортаға салып, ішкі дүнисімен сырласты.
«Жасырын хат, ойлан тап!» жаттығуы бойынша өздері қалаған тақырыпта бір-біріне хат жазып, өзі таңдаған әріптесіне хат жолдады. Осылай жасырын хат жазу арқылы өздерінің ойларын білдірді.
Шара соңында кері байланыс орнатуда «Шырағың сөнбесін!» деген ұранмен қорытынды ойларын айтып, алғыс білдірді.
Шара керемет өтті, қатысушылар белсенділік танытып, ерекше ықыласпен тарады.