26.01.2024 күні оқытушылар Суйнгалиева Г.К., Утегенова А.Т. және 3асКИНФ-9 тобының студенттері ұйымдастыруымен математика, физика және информатика кафедрасының «Жаңа трендтердің білімдегі сипаты» тақырыбындағы онкүндік аясында колледжіміздің оқытушыларына жаңа ақпараттық технологиялар идеясын ұсыну сағаты оздырылды.
Мақсаты – сабақ барысында студенттердің қызығушылығын оятатын, бақылау, бағалау кезеңдерінде уақыт үнемдей отырып озық технологияларды пайдалану. Жасанды интелект туралы ақпарат беріліп, ЖИ артықшылықтары мен қолдану аясына мысалдар келтірілді. Chatgpt, magic school, және udoba.ru, interacty.me, jeopardylabd, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандықтары үшін iBars, платформаларын қолдану арқылы тапсырмаларды орындау мысалдарын көрсетті. Оқытушылар ЖИ мүмкіндіктері арқылы сабақ жоспары, презентация, интерактивті тапсырмалар, жасау жолдарымен танысып, практикалық тапсырмалар орындады.