22 қаңтар күні «Педагогика, психология» кафедрасының «Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек» жобасы аясында кафедра оқытушылары 1-2 курс студенттеріне «Кел, дос болайық!» тренингін өткізді.
Мақсаты: Қатысушылардың қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, сенімділік қасиеттерін дамыту.
Тренинг сәлемдесу жаттығуымен басталып, қатысушылардың танысуымен жалғасты. Тренинг барысында «Екі сөз», «Хат», «Орын ауыстыру» жаттығулары жүргізілді. «Хат» жаттығуында достық, тұлғааралық қарым-қатынастағы проблемалар, толғандырып жүрген жайттар жөнінде анонимді түрде жазылған хаттарға талдау жасалынып, шешімі талқыға салынды, дұрыс ақыл-кеңес берілді. Ұжымды біріктіруге, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жаттығуда студенттер лента көмегімен әртүрлі геометриялық фигураларды жасады. Тренинг соңында студенттер алған әсерімен бөлісіп, рефлексия жасады.