2024 жылдың 15 қаңтар күні «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушысы А. А. Муратбекованың «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» пәнінен «Дене тәрбиесі сабақтарын өткізудің әдіс – тәсілдері» тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: Дене шынықтыру сабақтарында сипаттамалық ерекшеліктерге байланысты сабақты жоғары сапада өткізу үшін әдіс – тәсілдерді меңгеру.
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі: Сабақты өткізу әдіс-тәсілдерін біледі. Сабаққа дайындық сапасын арттырады. Құрал – жабдықтарды дұрыс пайдалана алады. Оқу процесін басқару қызметін орындайды. Дене қасиеттерін қалыптастыруда тиімді әдістерді ұйымдастырады. Оқытушы студенттерді білімді белсенді меңгеруге дайындық кезеңінде «Бір қадам артқа» стратегиясы бойынша өткен тақырыпқа шолу жасай отырып, сабақтың мақсатымен, оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесімен таныстырды. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері пайдалынылып, сабақтың презентациясы көрсетілді. Оқытушы студенттерді жаңа материалмен таныстырды. Дене тәрбиесі сабағын өткізудің әдіс-тәсілдері тақырыбы бойынша танымдық, эмоциялық орта қалыптастыра алды. Сабақтың мақсатын орындау үшін ең тиімді әдіс қолданылды. Оқу процесін басқару қызметін орындай отырып, оқытушы барлық студенттердің сабаққа белсенді қатысуына, үйренуіне барлық жағдай жасай алды. Осы мақсатпен әр түрлі оқу жұмысын ұйымдастыру әдістері қолданылады.
Операциялық іс – әрекет кезеңінде алдын – ала әзірлен кьюар кодтар арқылы студенттер смартфондарымен топтарға бөлінді. (күштілер, жылдамдар, ептілер топтары) Топ жұмысын бағалаудың критерилері жасақталды: «Топтарға бөлінген студенттер жаңа тақырып бойынша сабақтың дизайнын құрады; Постерге жазады, сызады; Тапсырмаларды орындау қағидасы бойынша әріптесіне қызмет етеді; Бір топ басқа екі топқа сабақты түсіндіреді; сергіту сәтін ұйымдастырады; Тайм – менеджмент сақталады; Оқытушы қадағалаушы, ұйымдастырушы іс-әрекетін қалыптастырады» Оқытушы қадағалаушы, ұйымдастырушы іс-әрекетін қалыптастырды. «Кубизм» стратегиясы арқылы топтар сұрақтарға жауап берді. Әдісте пайдаланылған сұрақтар мынадай тірек сөздермен байланыстырылды: Ата (түрі) Неге? (түсіндір) Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?) Бөліс (құрастыр) Түсіндір (қалай жасалған, неден тұрады?) Ойлан (сипатта) Кубикпен студенттер жұпта немесе топта жұмыстанды.
Ойын арқылы оқыту. Қандайда бір затты жан-жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сабақтың қорытындылау және рефлексия бөлімінде студенттерден кері байланыс алуда рефлексия пирамидасы әзірленді. Онда: білуге тырысамын, білемін, түсінемін, орындай аламын, басқаларға көмектесе аламын деңгейлері бойынша өткен күннің тарихы (танымдық, эмоциялық) орта қалыптастырылды.