Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 110 жылдық мәнімен мағынасы зор, тәлімімен тәрбиесі мол тарихын жастар санасына сіңіру, өткеннен сабақ алу, аға ұрпақтың өнегелі істерін дәріптеу тұрғысында 14 желтоқсан күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушылары ұйымдастыруымен "Кафедра тарихы - колледж тарихы" тақырыбында студенттердің арасында зерттеу жұмыстарының сайысы өтті. Мақсаты: кафедрада әр жылдары қызмет еткен ұлағатты ұстаздардың, өмірде, еңбекте толағай жетістіктерге жеткен түлектердің еңбек жолдары, іс- тәжірибелерін кейінгі буын жастарға үлгі ету, насихаттау және жобалық зерттеу жұмыстарының түпкі нәтижесі есебінде өнім ұсыну болды.
Зерттеу жұмысының алғы шарттары колледждің барлық өзге кафедралары назарына алдын ала ұсынылып, жобаға қатысушы студенттерге жұмыс бағыттары ыждағаттылықпен түсіндірілді. Жоба сайысына барлық кафедралардан іріктеліп алынған жұмыстар өтініштер бойынша тіркелді.Колледждің 21- ші аудиториясы талапқа сай безендіріліп, бекітілген сценарий бойынша жұмысты ұйымдастырушы оқытушылар Зайнуллина Анаргүл Талғатқызы мен Дюсенгалиев Мереке Камелұлы жоғары талап деңгейінде жүргізе білді. Салтанатты өткен шараны кафедра меңгерушісі Светлана Құспанқызы кафедраның өткен тарихына қысқаша тоқталып, сайысқа қатысушы студенттерге жобаның мақсат, міндеттерімен таныстырып, сәттілік тілеп ашты.
Студенттердің ғылыми ізденіс жұмыстарының ауқымдылығы, жүйелілігі, талап- ережеге сайлылығы, ғылыми құндылығына байланысты әділқазылар алқасы төмендегідей бағалады: 1-ші дәрежелі дипломмен 2асКШО-9 тобының студенті Аманғалиева Дильназдің "Жаратылыстану кафедрасының тарихы" тақырыбындағы және 2аКШИ-11 тобы студенті Гаппар Аяжанның "Кафедраның өткені мен бүгіні" тақырыбындағы жобалары марапатталды, жетекшілері Дусалиева Әлия Рамазанқызы және Урашева Әлима Жолмұхановна. Аталған оқытушылардың еңбектері әділқазылар алқасымен ерекше аталып өтті. Студенттер Жаметова Жанбота мен Ниеткалиева Акбота, Муслимеден Әсемгул жобалық жұмыстары тиісінше 2-ші және 3- ші дәрежелі дипломдармен, өзге сайыскерлер номинация алғыс хаттармен марапатталды.
Сайысты директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ләззат Сайкомқызы Есенова қорытындылап, ұсыныс пікірлерімен ой бөлісіп зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жақсы баға берді. Осы жоспарлы жұмыстың ұйымдастырылып, тиісті дәрежеде өтуіне ат салысқан А.Т.Зайнуллинаға, М.К.Дюсенгалиевке, Ә.Р. Дусалиеваға, Ә.Б.Жүрекеноваларға кафедра меңгерушісі С.К.Бисенова ерекше ризашылығын білдірді.