7-ші желтоқсан күні Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрына барып 1сКШИ-9 тобы студенттері мен топ жетекшісі А.Т.Даулеткалиева отандық өнім "Жанұя" фильмін көрдік. Жалпы фильм отбасы құндылықтары мен отбасының әрбір адам өміріндегі рөлін дәріптейді.
Фильмнің сюжетіне келер болсақ, жетімдер үйінде тәрбиеленген қыз бен ұлдың маxаббаты, олардың бір-бірін жақсы көріп қосылуы, алтындай кішкентай періштелерімен өмір сүріп жүрген кезі көңілді әрі әдемі түсірілген. Жалпы фильмнен түйгеніміз осы. Бәрі кішкентай нәрседен басталып, үлкен дертке, кешірілмес күнәға, өмірлік үлкен сабаққа айналмай тұрғанда, ақылға келіп, жаман іске бармаған жөн.