6 желтоқсан күні Жаһанша Лайф жобасының кезекті бағдарламасы өтті. Қонақта облыстық колледж лига жарыстарының жеңімпаздары волейболдан колледжіміздің ұлдар командасы. Шараға колледж студенттері, жастар ісі комитетінің жетекшісі К.С.Бикитеева қатысты.
Команда жігіттері сұхбат барысында алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, чемпиондыққа жету жолын, биылғы жылы өткен спорттан колледж лигасының ұйымдастырылуы жөнінде айтып, волейбол спорты туралы көрермендерге кеңінен сөз қозғады. Чемпиондық көңіл күйде келген жігіттеріміз үшін бұл күтпеген сұхбат болғандықтарын айтты.