Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында прокуратура қызметкерлерімен кездесу өтті.
Шараға Облыстық прокуратура басқармасының аға прокурорлары, Нұрсұлтанова Динара Есболатқызы, «Ақжайық» футбол клубының капитаны Омаров Бауыржан Нұрланұлы, колледж директоры Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы қатысты. Алғашқы сөз алған Такеева Саяхат Ануарқызы колледж студенттеріне құқықбұзушылықтың колледж студенттері арасында күшейіп тұрғандығын, соның ішінде нашақорлық, оны тарату да үлкен қылмыс екендігі, заң жүзінде нашаны қолдану мен тарату үшін қандай жазалар қарастырылғандығы туралы ақпарат берсе, Нұрсұлтанова Динара Есболатқызы ғаламторға тәуелділік, оның белгілері туралы толық ақпарат берді. «Ақжайық» футбол клубының капитаны Омаров Бауыржан Нұрланұлы өз сөзінде «Мені теріс жолдан құтқарып қалған –спорт» деп, қатысушыларды бос уақыттарыңызда спортпен айналысып, не фитнес залдарына барып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Кездесуге колледждің дене шынықтыру, бастауыш сынып мұғалімі мамандықтарының студенттері қатысып, өз сұрақтарын қойып, мазалаған сауалдарына жауап алды.