24 қараша күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Мен оқыдым, сен де оқы!» атты READx жобасы ұйымдастырылды.
«READx» жобасы - 21 ғасырда үлкен сұранысқа ие кітап сүйер қауымның сүйікті жобасы. «READx» жобасының мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу.
Оқырмандарды кітап оқуға көптеп тарту мақсатында кітапханамызда жалпы колледжде көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі шарамыз басқа іс-шарамыздан өзгеше болды. Өйткені оқытушылар мен студенттер оқыған кітаптарын ортаға салып, бірге талдады.
Шараға қатысқан спикерлер: Хамза Жандос Жанұзақұлы – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы және 3п КШК-11 топ студенті Маратов Ернар Уолтер Айзексон «Стив Джобс» кітабын, Сәрсенғалиева Ажар Батырбаевна – мектепке дейінгі білім және тәрбие кафедрасының меңгерушісі және Беляева Надежда Олеговна 4а РДО-9 топ студенті Маргарат Митчелл «Унесенные ветром» кітабын, Кабиева Айнагүл Төлегеновна – Қоғамдық пәндер және жаратылыстану кафедрасының оқытушысы және Куан Гүлзия 4а КШИ-9 топ студенті Дулат Исабековтың «Гауһар тас» кітабын, Нургалиева Жанар Амангелдиевна – музыка кафедрасының меңгерушісі және 4а РШО-9 топ студенті Чеснокова Оксана Абай Құнанбаевтың «Слова назидания» кітабын, Конарова Бекзат Бактыгалиевна – педагогика және психология кафедрасының оқытушысы және 2п КШО-11 топ студенті Молдагалиева Айсана Бауыржан Момышұлының «Ақиқат пен аңыз» кітабын таныстырып, оқырмандарға оқуға ұсынды.