17 қараша күні педагогика және психология кафедрасының ұйымдастырумен бітіруші топ студенттеріне арналған “Үздік сабақ - қараша” панорамалық сабақ байқау шарасы өтті. Бұл шарада биылғы бітіруші топтарымыз өздерінің тәжірибесінен жеке әдістемелер бойынша сабақтарынан 7 минуттық фрагменттін сол сәтте ұйымдастырды.
Әр қатысушы жаңа әдіс-тәсілдерді соның ішінде цифрлық әдістерді өте тиімді қолданып керемет үлгі сабақтар ұсынды. Бұл шарада сонымен, бір-бірімен тәжірибе алмасып, білік, іскерліктерін шыңдады.