«Педагогика және психология» кафердасының ұйымдастыруымен 22 қараша күні кафедраның онкүндік шараларының аясында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша колледждің бітіруші түлектеріне арналған «Мұғалім шеберлігі-озық идея» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Сабақта бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыратын тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
• Оқушылардың қажеттіліктері бойынша оқытуға арналған педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану арқылы студенттердің кәсіби құзіреттілігін арттыру;
• Бастауыш сыныпта әр оқушының қызығушылығын арттыратын заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға көмектесу;
• Инклюзивті білім беруге қолдау көрсету;
• Болашақ мамандардың зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру дағдыларын дамыту.
Семинардың алғы сөзін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна ашып, тәжірибе алмасу тақырыбының өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. БҚО білім басқармасы мен ББДО бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Жакина Жұлдыз Бауыржанқызы әдістемелік семинар жұмысының ойдағыдай өтуіне қолдау білдірді. Қазақ және орыс тілінде оқытатын қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері өздері білім алған оқу ордасында ұйымшылдықпен бас қосып, бағдарламада жоспарланған көкейтесті тақырыптар бойынша өз тәжірибелерін кезекпен ортаға салды. Атап айтқанда, №42 «Ақниет» гимназиясының мұғалімі Б.А. Малтабарова мен Б.Момышұлы атындағы №47 мектептің мұғалімі Г.М.Утебалиева «Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру» тақырыбында, «Учение с увлечением» тақырыбында №9 ЖОББМ мұғалімі А.Н.Фаезова, «Инклюзивті балалармен жұмыс» жайында колледждің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқытушы-әдіскерлері А.Ж.Темрешева, А.Т.Зайнуллина, «Обучение в сотрудничестве на уроках в начальной школе» тақырыбында №9 мектеп мұғалімі И.С. Сундетова, «Заманауи білім беру кеңістігінде оқушылардың жобалау қызметі» туралы № 47 мектептің мұғалімі А.М.Жумаева, «Активные методы обучения на уроках литературного чтения» тақырыбында №32 ЖОББМ мұғалімі Е.А.Кочергина, «Бастауышта оқушылардың көркем жазуын қалыптастыру» жайында № 42 «Ақниет» гимназиясының мұғалімі А.М.Губашева, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында АКТ-ны қолданудың тиімділігі» жайында № 47 ЖОББМ мұғалімі Г. Т. Исламбекова өз тәжірибелерін қызықты және мазмұнды көрсету арқылы аудиторияны баурап, болашақ мамандарға құнды, пайдалы кеңестер, жаңаша идеялар ұсынды.
Шеберлік сынып жұмысына 1аКШО және 2асРШО топтарынан бес студент белсене қатысты. Семинарға қатысушылардың назарына 3аКШО тобының студенті Қайруллаева Аруай қазақ тілінен «Дауыссыз дыбыстардың түрлері», 4аРШО тобының студенті Фадеева Анастасия жаратылыстанудан «Среда обитания животных» тақырыбындағы сабақтарын ұсынды. Семинар жұмысын қорытындылаған «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Л.С. Есенова мұғалімдер жинақтаған озық тәжірибе мен шеберліктің студенттер үшін маңызы зор болғанын айтты. Барлық тәжірибе алмасқан бастауыш сынып мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды. Ақжарма тілектерімен бөліскен бастауыш сынып мұғалімдеріне алғыс айтамыз. Біз әріптестік байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенеміз. «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары Ж.М.Сахипова, Ж.К.Даулетбаева.