23 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Тіл –қазына» үйірмесінің жетекшісі А.Ж.Темрешева өзге ұлт өкілдері студенттеріне арналған «Бауырсақ күні» тақырыбындағы шарасын ұйымдастырды.
Мақсаты: мемлекеттік тілде оқымайтын топтардағы өзге ұлт өкілдері студенттеріне қазақ тілін меңгеруге қолдау көрсету, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру, күнделікті қарым-қатынаста өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндіктер туғызу, эстетикалық талғамдарын ояту, әлеуметтік белсенділігін арттыру және қазақ тілін қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру. Шара сайыс түрінде өтті. Сайысқа 1аРШО-9, 2апРШО-9 және 4апРШО-9 тобы студентері қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі – Алтынгүл Тұрсынғалиқызы, ағылшын тілі кафедрасы оқытушылары Балқия Дүйсенбайқызы және Арайлым Тайбасарқызы қазылық етті. Әр топ үйден дайындап әкелген бауырсақ түрлерін қазылар алқасына ұсынып, қысқаша дайындалу жолын баяндады. Алдын ала дайындалған сүзбеден әр топ мүшелері құрт жасады. Үйірме мүшелері қазақ халқының мейірбандығы, қонақжайлылығы мен жомарттығын дәріптейтін ертегілер әңгімелеп, ұлттық тағамдар туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты. «Отанын сатқандар» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» бұрынғы тұтқындарының бірі - Гертруд Платайстың естелігі негізінде жазылған Раиса Голубеваның «Курт – драгоценный камень» өлеңін 4курс студенті Анастасия Фадеева мәнерлеп оқыды. Шара соңында үйірме мүшелері М.Ілиясовтың «Қазақы дастарханым» әнін шырқады. Мазмұнды әрі тағылымды шара студенттердің естерінде қалатыны сөзсіз. Сайысты қазылар алқасы қорытындылап, жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады.