21 қараша күні студенттер үйінде "Бір қабат-бір кітап" атты шара өткізілді. Шараның мақсаты: кітап оқу арқылы, пікір алмастыру, таным көкжиегін арттыру. Шарада құнды пікірлер айтылып,қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Шара қатысушылары Аманғалиева Эльнара "Гаухартас" повестьін қазіргі қоғаммен байланыстырса, Оралбай Тұрсын мотивациялық кітапты таныстыру арқылы қазіргі жастарға шынайы болуға бағыт бағдар берді.
Авторлардың құнды шығармаларын таныстырған студенттер тыңдарман қауымның көңілінен шықты. Кеш жүргізушісі Маратов Ернар соңында өзінің өлеңін оқып қорытындылады. Шара жоғары деңгейде өтті.