16 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің биология және химия пәндерінің "педагог-зерттеуші" санатындағы оқытушысы Анаргүл Талғатқызы Зайнуллинаның "Хемосинтез. Фотосинтезбен хемосинтез үрдістерін салыстыру" тақырыбында ашық сабағы өтті.
Сабақ жоспары алдын ала әріптестері арасында талқыланып, талданып жаңадан қабылданған 1аКШО-9 тобы студенттерінің білім деңгейлерін көтеру мақсатындағы тапсырмалармен жұмыс жасау, тақырып бойынша нақты білім дағдыларын қалыптастыру, жекеленген студенттердің көшбасшылық, проблемалық мәселелердегі жеке белсенділік қабілеттерін көтеру үрдістері сабақ үстінде керемет көрініс тапты. Анаргүл Талғатқызының АКТ мен жұмыс жасау шеберлігі, сабақ этаптарын бір- бірімен байланыста түрлі тапсырмалармен проблемалық сұрақтар, күтпеген жерден ой қозғау стратегиялары сабаққа қатысқан әріптестерін тәнті етті.Топтық жұмыс және топтардың өзара интеграциясы "Қабырғадағы кездесу" әдісімен бірізділікпен, өзара еркін пікір алмасу, ұсыныстар енгізу, одан соң постер қорғау жұмыстарымен әсем өрнектеледі.Фотосинтезбен хемосинтез реакциялары теңдеулерін салыстыру жұмысы химия пәнімен шебер байланыстырылды.Барлық студенттер оқулық бойынша жұмыста "ПОПС формуласы" арқылы тапсырмаларға делелдеме-дәйектемелер келтіріп толықтай проблемалық сұрақтарға жауап бере білді.Сабақ соңында "Пирамида" арқылы өтілген тақырып бойынша үш кілт сөзбен тұжырымдау тұрғысында өте ұтымды рефлексия жүргізілді. Әріптесіміздің сабағын өзінің мықты теориялық білімін практика жүзінде түрлі педагогикалық әдіс- тәсілдерді шеберде, ұтымды дәрежеде қолданудың шеберлік класы ретінде қабылдадық.