10 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобында «Менің ата-анам жұмысының бір күні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Ата-аналардың мамандығын құрметтеуге үйрету, студенттерді еңбекке баулу және жастардың бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Тәрбие сағаты ұлы ақын Абайдың: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар, қалан,- деген қанатты сөздерімен басталды. Студенттер мамандықты таңдау – тағдырыңды таңдау екенін жән бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс екенін айтып, әр студент ата-аналарының атқарып жүрген мамандықтары ел игілгін өркендетуге арналғанын және үй шаруасындағы аналар да бала тәрбиесіне өз үлестерін қосатынын мақтанышпен атап өтті. Келесі кезекте білім алушылар мамандықтарға арналған жұмбақтарды шешті және еңбек туралы мақал –мәтелдердің жалғасын тапты. Студенттер тәрбие сағатына қатысқан ата-аналарға мамандықтар жөнінде және бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі туралы өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды. Тәрбие сағатын топ жетекшісі Алтынай Жауарбекқызы қорытындылап: Ата – анаға көз қуаныш. Алдына алған еркесі, Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой – өлкесі,- деп Абай атамыз ата – ананың қуанышы, гүлденген үміті, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық деген сөздермен аяқтады. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.