Колледжде «Колледж – өзін өзі оқытатын ұйым» жобасы аясында түрлі бағыттағы жобалар жұмыс жасайды.
Қазіргі заман педагогтерінің білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, цифрлық платформаларды қолданудың тиімді жолдарын меңгерту мақсатында колледж оқытушысы Суйнгалиева Гульфайрус Канаткалиевнаның «Оқытушының виртуалды тулбоксы» жобасымен жұмыстануда. Оқытушылармен «Оқытушы жұмысын жеңілдететін платформалар» тақырыбында кезекті практикалық семинар өтті.
Семинарда цифрлық құзыреттіліктер бойынша оқытушыларға көмекші платформалар, креативті идеялар, пайдалы лайфхактар көрсетілді. Жоба жетекшісі педагогтерді шабыттандыратын, студенттердің қызығушылығын арттыратын платформаларды қызығушылықпен меңгерді. Әр оқытушы өз пәнінде осы платформаларды жүзеге асыру жолдарын көрсетті. Семинар барысында бүгінгі таңдағы цифрлы платформаларды қолдану мүмкіндіктері мен цифрлық білім беру ресурстарының білім сапасын арттырудағы рөлі, цифрлық технологиялардың оқытушылар үшін тиімділігі мен жаңа мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін қолдануға дағдыланды.
Әр оқытушы өз пәні бойынша цифрлық технологияларды меңгеру біліктілігін көрсетіп, практикалық біліктілігін көрсетті. Бұл жоба оқытушыларға өз сабағында цифрлық технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.