Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Өзін-өзі оқыту» жобасы аясында ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары жас мамандар мен студенттерге арнап шеберлік сағатын өткізді. Шараның негізгі мақсаты– жас мамандарға оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерту, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Шеберлік сағатында сөз алған ағылшын тілі кафедарсының оқытушылары «Оқылым дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдері мен тапсырмалары» (Давлеткалиева Дамира, Урашева Алима, Effective ways and tasks to develop reading skills), «Scaffolding- ағылышын тілі сабағында тиімді құрал ретінде» (Сатыбалдиева Айымгул, Scaffolding as a tool on English lesson), «Академиялық жазудың түрлері мен ұсынылған құрылымдар» (Дербіс Нұргүл, Турежанова, Гулаим Types and Suggested Structure of Academic Writing) тақырыптары төңірегінде баяндамалар арқылы мазмұны ашылды. Практикалық бөлімде түрлі тәсілдер көрсетіліп, танымдық ойындар ойнатылып, топтық тапсырмалар орындалды. Шараға қатысқан 4S01140605 Шетел тілі мұғалімі біліктілігінің 4acKШИ-9, 3апКШИ-11, 3aКШИ-9, 2аКШК-11 және 4аКШК-9 тобының студенттері мен жас мамандар ерекше белсенділік көрсетіп, пән бойынша оқыту тәсілдерін қолдануға үйренді. Шеберлік сағатына директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.С.Нурашева және директордың ақпараттық жұмыс жөніндегі орынбасары А.М.Бижанов қатысып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Шара соңында жас мамандар рефлексия жасап, тіл сабақтарында қолдануға болатын түрлі тәсілдердің ерекшелігін және эссе жазудың жаңа тәсілдерін меңгергендерін айтты. Шеберлік сағаты мақсатына жетті.