Жаһанша колледжінде Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай, «Адамзат таныған Шәкәрім»атты онкүндік аясында өтіп жатырған шаралар өз жалғасын табуда. Солардың бірі бүгін «Шәкәрім мұрасының зерттелуі» тақырыбындағы студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.Оған 1,3 курс студенттері мен оқытушылар қауымы қатысты.
Конференцияның мақсаты: ақын, философ, тарихшы, сазгер, аудармашы, публицист Шәкәрімнің шығармашылығын зерделеу, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін ашу,өзара рухани тәжірибе алмасу.
Шараға қатысқан он үш студент абыз Шәкәрімнің құнды еңбектері жайында өзара ой алмасып,өздерінің біліктілігі мен білімдерін ортаға салды.Әр түрлі пікір айтылды, адамзатты сан ойға жетелейтін.Құнды дүниелердің тігісі ағытылды,адамға рухани күш беретін.
Қазақта мықты көп, солардың бірегейі Шәкәрім екенін мойындатқан әсерлі жиын соңы оза шауып, бәйге алған студенттерді марапаттауға ұласты.
Жүлделі бірінші орынды Әсемгүл Муслимеден, екінші орынды Альмира Мақсот, ал үшінші орынды Ұлболсын Амангелді мен Дәулет Ғарипулла иеленіп ,арнайы дипломдарға ие болды. Конференцияға қатысқан басқа да студенттер сертификаттармен марапатталды.