Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы еңсесі биік елдіктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін, халықтардың шығармашылық дәстүрлерін ұғындырып, тарихи маңызын түсіндіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын, патриотизм құндылықтарына баса назар аудару мақсатында колледжімізде «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!» мерекелік шарасы өтті.
Наурыз мерекесін әр ел өзінше тойлағанмен, барлығы бір мақсатқа үндейді. Наурыз — халықты татулық пен бірлікке шақырады.
«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!» шарасы аясында кафедралар әр ұлтқа бөлініп,сол ұлттың сал-дәстүрін, ұлттық тамағын дайындап, өнерлерін көрсетті.
Жастар ісі комитетінің жетекшісі А.М.Махамбетова