Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 30 мамырында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үздік тәлімгер-2023» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін көтеру, имиджін қалыптастыру, тиімді тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату.
Міндеттері:
- білім беру жүйесінде тәлімгерлік міндеттің беделін арттыру;
- білім беру мекемелерінде инновациялық оқыту дағдыларын дамыту;
- білім беру жүйесінде жас педагогтарды бейімдеуге жағдай жасау.
Байқау кезеңдері:
- «Тәлімгерліктің тәжірибелі тағылымы» Таныстыру бөлімі, орындау уақыты 10-12 мин.(Әр тәлімгерлердің бір жұмыс күні қысқа бейнеролик арқылы көрсетілд).
- «Педагогикалық жағдаят» педагогикалық жағдаяттық сұрақтар.
- «Тәлімгер- жас маманның зергері» (үй тапсырмасы) орындау уақыты 5-7 мин. (Тәлімгер байқау шеңберінде жас маманмен бірігіп өткізген сабақтан панорама бейнежазбасын ұсынады).
Байқауға Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің арнайы пән оқытушысы , педагог-зерттеуші А.Б.Сарсенғалиева қатысып, жүлделі 3-орын алды.
Жас маман Хамбетова Айгеріммен жыл бойы бірлескен әдістемелік жұмыстардың нәтижесін көрсеткен шебер ұстазымыз Ажар Батырбайқызын үлкен жеңісімен құттықтаймыз!
Жас мамандарға үлгі болатын педагог-тәлімгерлерімізге шығармашылық табыстар тілейміз!