5 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушысы READx жобасы жетекшісі А.Ж.Темрешеваның ұйымдастыруымен 7 Мамыр Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығына арналған Қ.Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай «Біртуар даңқты перзент» тақырыбында READx форматындағы сыныптан тыс шара ұйымдасытырылды.
Шараның мақсаты: Студенттерге Қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсенов туралы тереңірек таныстыру, Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету, шәкірттер бойына отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру және « Оқуға құштар колледж» республикалық акциясы асында студенттердің оқырмандық мәдениетін дамыту.
Патриоттық шара ««Қасым» фильмін тамашалаудан басталды.Жүргізуші Қасым Қайсеновтің өмірбаянына шолу жасады. Қасым Қайсеновтың шығармаларын READ x форматында жарнамалау мақсатында 1пКШК-11 тобы студенттері «Жау тылындағы бала» повесін оқырмандарға таныстырды. 1аКШК-11 тобы студенттері аталмыш шығармадан шағын көрініс қойды. 2пКШК-11 тобы студенттері Қасым Қайсеновтің «Ажал аузынан» шығармасын жарнамалап, мазмұнын қызықты баяндап, оқиға желісінің қалай аяқталатынын оқырмандар өздері ізденіп табуға және шығарманы оқып шығуларына кеңес берді. 3пКШК-11 тобы студенттері Қасым Қайсеновке арналған арнау өлеңдерді және жас ақын Ғұмар Нұрым өзінің шығармашылығынан «Жеңіс күні» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Оқырмандармен кері байланыс орнатуға:
- Студенттер, бүгін біз Қасым Қайсеновтің қандай шығармаларымен таныстық?
- Қасым Қайсеновтің қандай қасиетін өздеріңе үлгі тұтасыңдар?- деген сұрақтарға жауап алынды. Оқытушы Қ.Ү.Жақыпова қазақ халқының даңқты Қаһарман ұлы Қасым Қайсеновтің тұлғалық қасиеттері жөнінде тың деректермен бөлісті. Шара соңында кафедра меңгерушісі Б.М.Каримова шараны қорытындылады.