4 сәуір күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж жобасы» аясында «Мен оқыған бір кітап» атты READx форматында шара өтті.
READx - кітап оқуды ұнататын белсенді оқырмандар алаңы болып табылады. Бұл оқырмандар арасында өздері оқыған кітаптардың мазмұнымен өзара бөлісіп, бір - бірін кітап оқуға шақыру мақсатында жасалынған жоба.
READx жобасы - бұл кітап оқуда адамның алған шабытын әңгімелеу барысында әсерлі, әрі түсінікті етіп жеткізу. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!». Бұл жобаның басты мақсаты оқырманның оқу сауаттылығын, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Шараға қалалық колледждерден 4 колледж студенттері мен кітапханашылары қатысты.
2023 жылы қазақ әдебиетіне, жалпы руханиятына олжа салған көптеген айтулы ақындар мен жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдардың мерейтойларына бай жыл болатындығымен ерекшеленбек.
«Алаш» қайраткері, аса көрнекті ақын, педагог жазушы Мағжан Жұмабаевқа—130 жыл толуына орай, жоғары аграрлық- техникалық колледж студенттері ақынның «Батыр Баян» повесі мен «Оқжетпестің қиясында» шығармалары туралы баяндады.
Ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың туғанына – 130 жыл толуына орай, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі ақынның «Қамар сұлу», «Адасқан өмір», «Кім жазықты?» шығармалары жайлы өз түсінгендерін айтып, оқырмандарға оқуға кеңес берді.
Күйші, композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлына 200 жыл толуына орай. Құрманғазы атындағы саз колледжі күйшінің «Балбырауын» күйінің шыққан тарихымен таныстырып, күйлерін орындады.
Балалар жазушысы Бердібек Соқпақпаевтың шығармаларымен Орал политехникалық колледжі студенттері түсінгендерін ортаға салып, ой бөлісті.
Жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына – 80 жыл толуына байланысты колледжіміздің студенттері «Апамның астауы», «Қайдасың, қасқа құлыным?» шығармаларын талдап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Қатысушы қонақтарға екі смайликтер берілді. Оның бірінде «Оқимын»! деген жазу болса, екіншісінде «Ойланамын!» деген жазу бар. Әр тыңдалым соңында смайликтерді көтеру арқылы залдағы тыңдармандар спикерлерге дауыс беріп отырды
Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Олай болса кітапты өзіне сенімді дос еткен кітап сүйер оқырмандарымызды кітапханамызға кітап оқып, ой бөлісуге шақырамыз.