17 қараша күні студенттер үйінде, Студенттер күніне орай «Студент болып өтсе ғой, әр адамның жас шағы» атты мерекелік шара өтті. Мақсаты: студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.