3 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 3апРШО-9 тобында қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен оқытушы А.Ж. Темрешева «Қазақ тілі мұғалімі моделі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: қазақ тілі мұғалімі моделін ұғындыру; - студенттерге таңдаған мамандығы бойынша кәсіби бағдар беру , ауызша және жазбаша тапсырмалар орындау арқылы тіл дамыту. Қызығушылықты ояту кезеңінде студенттер «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Қызыл, жасыл, сары жұлдызшаларды таңдау арқылы білім алушылар з топқа бөлінді. Сабақ сайыс түрінде өтті. Белсенді әрекет кезеңінде білім алушылар «Үштік» әдісімен берілген мәтін үзінділерін мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысып, мәтіндегі негізгі ойды анықтап, мәтіндегі ойды жалғастырып дәптерлеріне жазып, сабақ тақырыбын ашты. Мағынаны тану кезеңінде «Мұғалімге тән модель бар ма?» деген сауалға байланысты әр топ мүшелері өз ойларын ортаға салды. Қазіргі білім беру жағдайындағы негізгі факторларды анықтады. Қазақ тілі мұғалімі моделін ашу мақсатында қазіргі мұғалім моделі құрылымына тән жеке , тұлғалық, құзыреттілік мінездемелерге сипаттама берілді. Шәкірттер сергіту сәтінде ұстаз туралы мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқып бір-бірімен жарысты. Сабақтың практикалық бөлімінде берілген тірек сөздер арқылы мәтін құрастырып дәптерге жазды. Дайын мәтінді әр топтан бір студент тақтаға жазып, көркем жазу үлгісі бойынша өз білімдерін көрсетті. Кері байланыс кезеңінде студенттер «Қазақ тілі мұғалімі моделі» тақырыбында берілген пиктограммалар арқылы постер қорғап, сабақты қорытындылады. Бақылау-бағалау кезеңінде сабаққа қатысқан қонақтар сайыс түрлері бойынша алған бағаларын атады. Нәтижесінде, «Шабыт» тобына 1-орын, «Жас қанат» тобына 3-орын, «Сұңқар» тобына 2-орын тағайындады. Үй тапсырмасына «Қазақ тілі мұғалімі» моделі тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Сабақ өз мақсатына жетті.