17 қыркүйек күні 1 курс студенттері БҚО-дағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Рухани жаңғыру музейіне барды. Музей 2017 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Аталмыш музейде музей қорынан алынған 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басына жататын ерекше жәдігерлерден «Тарих беттерінің куәгерлері» атты көрме жабдықталған. Өткен тарихымыздың сыр шертетін құнды жәдігерлерімен танысты. Студенттер музейдегі орталығына жинақталған сирек кездесетін басылымдарды, әр түрлі мәдени-тарихи жағдайдағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін студенттерге  жан-жақты көрсетіп, кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін оларды сақтау және дәріптеу керек екенін айтты. 

Топ жетекшілер 02 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы жарияланғандығы туралы студенттерге хабарлады. Бұл  жолдауда Мемлекет басшысы сөзінен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналдығы туралы, Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни  Назарбаев моделі қалыптасқанын айтқандығын мәлімдеп өтті. «Елбасының халыққа жолдауы» тақырыбында топ студенттеріне пікірлесу сағаттары ұйымдастырылды. Елбасының халыққа жолдауында не айтылғаны жөнінде, сонымен қатар халыққа қандай көмек көрсетілетіні жайында мәселелер қозғалды. Баспасөз парақтарында жарияланған жолдауды оқып, 2019 жылда елімізде жасалған оң істердің халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызы туралы сөз қозғалып, студенттердің пікірі тыңдалды. Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдауы барлық топта талқыланды. Топ студенттері де төмендегідей пікірлерін білдірді. Шараның хаттамасы толтырылды.

А. Сүндетов: Басты байлық – деннің саулығы. Қоғамымызда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі замандастарымыздың дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Соған орай, медициналық тексеріс, сырқаттанудың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, дәрігерлік тегін кеңес беру жүйелі жолға қойылған. Бірақ, өмір болған соң әртүрлі жағдай орын алады. Бүгінгі таңда балалардың құрсақта жатып кемтарлыққа шалдығуы белең алып отыр. Нәрестелердің туа біткен сал ауруы, есту-сөйлеу кемістігі жиі кездесуде», - деген ақпараттарды жиі естудеміз. Бізде болашақ ата-аналармыз. Сондықтан қазірден бастап, өз денсаулығымызды осы бастан ойлауымыз керек. Біздер жастардың көбінің жыл мезгілдеріне сай киінбейтінін көріп жүрміз. Мезгілімен тамақ ішпейміз. Осының бәрі ұрпағымызға әсер ететіні сөзсіз.

Сонымен қатар, жолдауда атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар оларды күтіп-бағу, емдету, оқыту жағынан қиындыққа тап болып жатады.

Б.Серіков: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған бүгінгі Жолдауында әлеуметтік мәселеге, оның ішінде мүгедек балаларды емдетуге ерекше көңіл бөлгендігі қуантты. Қазір студенттер арасында да мүгедек жастар бар. Оларға бұл үлкен қаржылық көмек болады.

А.Темурова: Сонымен биылғы Жолдауда айтылған аса өзекті мәселелерге тоқталар болсам, Президенттің мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға, шағын және орта кәсіпкерлікті жаппай дамытуға қатысты ойларын қолдаймын. Себебі менің әкем шағын кәсіпкерлікпен айналысады.

 Ә.Кеңес: Қасым-Жомарт Тоқаев ата-бабамыз қасық қанымен қорғаған жеріміз шетелдіктерге сатылмайтындығын мәлімдеді.  Себебі соңғы жылдарда ел арасында «Жер сатылады екен» деген алып қашпа әңгімелер көбейіп кетті. Енді ел ішіне іріткі салатын ондай әңгімелер тоқтайды деп ойлаймын.

Д.Майтақова: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында білім беруге бұрынғыдай стратегиялық роль берілген. Республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді. Бұл біз болашақ мұғалімдер үшін қуантарлық жағдай.

Н.Жамбулова: Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деп атап көрсетті. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі уақытта әлеуметтік желідегі кейбір адамдардың «Қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп, басқа тілдердің қолданылуына тыйым салып, аралас мектептерді жабу керек» деген пікірлерімен келіспеймін. Себебі мұндай пікірлер қоғамда ұлт араздығын туғызады.

02.09.2019 күні колледж акт залында жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. Адалдық сағатына БҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің аға офицері Ихсанғалиев Нұржан Мержанұлы қатысып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы дайындаған слайдымен таныстырды. Кездесу барысында арнайы қонақ тарапынан білім алушыларға әрдайым адал, парасатты, әділ болуға шақырды және қазақ халқының әр заманда өмір сүрген ойшылдары мен ғұламаларының адалдық, адамгершіліқ, кішіпейілділік жөніндегі сөздеріне мысал келтірді. Колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы колледж студенттеріне колледж тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар жөнінде атай келе 2018-2019 оқу жылынан бері жүзеге асырылып келе жатырған «Академиялық адалдық саясаты» негізгі бағыттары мен мақсаты жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен колледж студенттерін сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем жол бермеуге және онымен бірігіп күресуге шақырды.

Сонымен қатар, оқу процесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру бойынша студенттерде академиялық сағаттар ұйымдастырылды. Академиялық адалдық саясатының ережелерінің жинағы құрылды, өйткені оқу орны студенттердің академиялық мәдениетін көтеруге және академиялық адалдыққа, топтағы студенттерге де, оқытушылар құрамына да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процедураларын және академиялық этика нормаларын жоғарылату шараларын ресімдеуге және институционализациялауға мүдделі. Жинақ егжей-тегжейлі талданды, 6-тараудан тәртіп пен тәртіп ережелері және емтихан ережелері туралы әр оқушы өз пікірін білдірді.

01.09.2019 күні 1аКДО, 1сКДО топтарына «Саналы ұрпақ–ел болашағы»  тақырыбында тәрбие сағатын топтық жұмыс түрінде өткізді. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Мені есіне түсір» жаттығуы орындалды. Топтың ережесін қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Білімді саналы  ұрпақта қалыптастыру» жолдары тақырыбында постер қорғалды. «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы «Саналы ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін факторларды» анықтап, топ студенттерінің пікірлері тыңдалды. Тәрбие сағаты соңында рефлексия жасалып, топтың активі сайланды. 

11:17

Здравствуйте.Можно узнать откуда взят семейный состав справка?В Цон звонила сказали такой справка не выдают

Получено из чата на сайте

Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

14:41

Добрый день! Такую справку не запрашиваем

13:57

Здраствуйте

13:57

Сейткалиева Ляззат

13:58

Извините можете сказать по русскому языку на учителя грант есть?

14:00

Пожалуйста можете ответить 

Получено из чата на сайте

Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

14:37

Добрый день, Ляззат. На специальность "Учитель русского языка и литературы" есть грант на базе 9 класса

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 3

Вчера 246

На этой неделе 1007

В этом месяце 3

Всего 239085

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска