01.09.2019 күні 1аКДО, 1сКДО топтарына «Саналы ұрпақ–ел болашағы» тақырыбында тәрбие сағатын топтық жұмыс түрінде өткізді. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Мені есіне түсір» жаттығуы орындалды. Топтың ережесін қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Білімді саналы ұрпақта қалыптастыру» жолдары тақырыбында постер қорғалды. «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы «Саналы ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін факторларды» анықтап, топ студенттерінің пікірлері тыңдалды. Тәрбие сағаты соңында рефлексия жасалып, топтың активі сайланды.