Елбасымыз  Н.Ә Назарбаев «Отанның болашағы мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айтқандай Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Жас Отан ЖҚ» БҚО филиал төрағасы: Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы  және студенттер Алянс лидері  Кунеев Муса Сансвайұлы мен  «Мен таңдаған жол!» атты  1-2ші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты «Мамандық дегеніміз не?», «Жақсы маман болу үшін алға қандай мақсат керек?», оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Кездесу барысында келген қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кеңестер беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, келген қонақтарға сұрақтарын қойып ойларымен  пікірлерін білдірді. 

13 желтоқсан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасында оқып, білім алып жатқан студенттерге тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты кездесу кеші өтті. Шара қонақтары әр түрлі салада еңбектеніп жүргенмен, мақсаттары бір озық ойлы, елжандылықтарын көрсетті. Аралас жекпе - жектен  әлем біріншілігінің жеңімпазы, әскери самбодан Азия ойындарының күміс жүлдегері,ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ихсанғалиев Темирлан Мерданұлы жастарға спорттағы жеткен жетістіктерін елге, атан – анағасоның ішінде әкесіне берген уәдесінің беріктігінің арқасындағы еңбек еткені туралы айтып өтті. Келесі қонағымыз колледжімізде білім алған «» жастар қанаты БҚОФ төраға орынбасары, белсенді жас, жыл үздігі жас көшбасшы, жастар премиясының иегері Шамгалиев Ерлік Мерекеұлыда әкімнің ақ батасымен еңбекте алда болуды мақсат қылып, қазіргідей тыныш заманда еліміздегі  жастарға жасалынып жатырған жағымды жаңалықтармен, оған жетудің жолдарымен бөлісті. Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.М.Ғалымова шараның маңыздылығына тоқталып, қонақтарға қош келдіңіздер айтты. 1 -4 курс студенттері бұл кештен жақсы әсер алды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке деп белгілеген Заң қабылдағанын баршамыз білеміз. Нұрсұлтан Назарбаев – егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қазақстандық мемлекеттіліктің бастауында тұрған аса көрнекті тұлға. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі колледжде өткен «Жетістік жолы» атты кездесуде  студенттердің назарын Ұлт Көшбасшысыларының жетістіктеріне назар аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға, сондай-ақ олардың бойында тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталды. Кездесуге қаламыздағы жеке де жас кәсіпкер, «Ақұштап Құспан» сұлулық салонының директоры, 2017 жыл World Skills Kazakstan чемпионатына өңірлік эксперт, ұлттық өнім көрмесінде «жарқын дебют» номинациясын иеленген, Ақұштап Құспан және Батыс Қазақстан облысының танымал киномотографы, урбанист, қоғамның белсенді азаматы, «Үркер» фондының директоры Ғұмар Алишер Ғаниұлы қатысып, студенттерімізге жетістікке жету жолы, іскерлік, кәсіпкерлік, көшбасшылық тақырыптарында ой салды. Студенттер тарапынан да сұрақтар қойылып, керемет кеш болды. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Колледж студенттері кездесу арқылы қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді ала алды.

05.12.19 күні 1 курс студенттеріне «Білім –асыл қазына, тәрбие тал бесіктен!» тақырыбында колледж директоры Бахишева Светлана Мендіғалиқызымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты колледж табалдырығын аттап отырған І курс студенттеріне колледж директоры Светлана Меңдіғалиқызының көшбасышылық қасиеттерін үлгі етіп, өз бойларына сіңіру. Кездесудің кіріспе бөлімінде кеш қонағымен таныс болу үшін, шағын дайындалған бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян арқылы студенттер  білім саласындағы қол жеткізген табыстары, ғылыми-педагогикалық жұмыстары, ғылыми-әдістемелік еңбектерімен ғылыми – педагогикалық басылымдардың авторы екендігін туралы ақпараттар алды.  Кездесудің ерекшелігі Светлана Меңдіғалиқызының көшбасшылық қыры, ұстаздық шеберлігі, білім жүйесіндегі жаңаша өзгерістері тақырыбындағы әңгімелер тілге тиек етілді. Студенттер тарапынан қызықты сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды. Педагогика саласының түрлі қызықтары мен қиыншылықтары  туралы әңгімелерде қозғалды. Бір ғасыр тарихы бар, қоғам қайраткері Ж.Досмұхамедовтың атын  иеленген, республикаға танымал  тұлғаларды тәрбиелеген оқу орнында білім алу студенттер үшін мәртебе екенін айтты. Светлана Меңдіғалиқызының колледжде қолға алынып отырған мысалы, колледж атауын өзгерту, жаңа эмблема жасау, сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды. Ел десе жүрегі елжірер, ұлт жанды ұрпақты тәрбиелеу ұстаздың қолында екендігін еске салып, студенттерге деген ыстық ықыласын білдірді. Шара соңында колледжіміздің 2 курс студенті Орынбасар Ермаханның «Қазақ жастары» әнімен қорытындыланды. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор екен, сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленетіні білім көшін алға жылжытып келе жатқан  қасиетті тұлғалардың  қатарынан біз колледжіміздің басшысын мақтан ете аламыз.

Өлкемізге танымал тарихшы-ғалым-ұстаз, қадірлі ел ағаларының бірі Тұяқбай Зейітұлын үлкендер жағы жақсы танығанмен, кейінгі жастардың бәрі бірдей тани бермейтіні рас. Ұстаздың педагогикалық еңбек жолындағы игі істерін жастарға таныстыру мақсатында 07.11.19 күні ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик  Т.З.Рысбековпен кездесу кеші өтті. Кездесуді колледждің тарих мұғалімі, ғалымның шәкірті А.Қайырлиева мағыналы да мәнді жүргізіп, ғалым еңбегін еліміз бен өлкеміздің тарихи баспалдақтары мен байланыстыра білді. Тұяқбай Зейітұлы салмақты да, сабырлы қалпымен алғашқы сөзін Жамбыл педагогикалық училищесінің бастауыш сынып мұғалімі мамандығына қалай қабылданғанынан бастап, нағыз ұстаздар негізінен педагогикалық учлище, қазіргі колледждерде қаланатынын айтып, қоғамдағы бастауыш сынып мұғалімі, мәртебесін көтеріп шынайы бағасын берсе, ұстаздықтыңұлы қызмет екенін айтып, жастардың бойына жауапкершілік сенімін ұялатты.Кездесу барысында ел тарихы, қоғамдық өмір мен өлке тарихына байланысты әңгімелер қозғалды.Кешке келген шәкірттері Жаңабек, Самат сынды азаматтар ұстаздың ғылыми жетекшісі ретінде  шеберлігі мен табандылығын, сабырлығы мен қарапайымдылығын, адамгершілігі мен жауапкершілігін айтты. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де ректор болған кездегі  оқу орнындағы жаңа істер мен биік белестерді бағындыру, жаңа факультеттер мен академиялық мобильдік оқуды енгізу, Болон жүйесіне ену т.б. көрсеткіштер өз жүйесімен орынды жүргенін айтып, оқу орнының беделі республикада өз бағасын алуы көп жылғы еңбектің нәтижесі екенін шәкірттері мақтанышпен айтты.

01.11.19 күні Жастар  мәдениет үйінде колледж жанынан құрылған «Руханият» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Арба» тірек-қимыл аппараттарының қызметі бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі  мен колледждің музыка пәнінің мұғалімі мамандығының 3пКШМ топ студенттерімен бірге «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті.

Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында  «Достыққа шекара жок: Жастар. Диалог. Мәдениет» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы форумы  аясында «Бірлік -Дружба» фестиваліне Ж.Досмұхамедов колледжінің белсенді студенттері қатысып келді.

21 желтоқсан күні жатақхана студенттеріне «Өмір қымбатсың маған» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренингке 25 студент қатысты. Мақсаты: «Өмір», «бақыт» ұғымдарын тереңірек  үңілуге ықпал жасау

Міндеттері:

  • Өзіңде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету
  • Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу
  • Өмірге құштарлықтарын арттыру

Жүру барысы: 

Тренинг психологтың кіріспе сөзінен басталды.

Алдымен танысу мақсатында «Өрмек» жаттығуы  орындалды. Жаттығу барысында өзінің есімі мен өмірлік мақсатын айтып, бір-бірі туралы қосымша ақпарат ала алды.

 

Танысудан соң «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы арқылы өздерінің өмірлік позициясын анықтады. Ортаны сергіту,қызғушылығын ояту  мақсатында бірнеше ойын жаттығулар ойнатылды.

  

«Күлтешелер» жаттығуы арқылы әр студент өзінің ойымен бөлісті. Қатысушылар өздеріне берілген «күлтешелерге» «Өз өмірімді сүюіме әсер ететін  себеп»,»Мен сенетін үш адам», «Естігім келетін үш сөз», «Мен мақтан ететін тұлға», «Менің жоспарлаған ісім, мақсатым», «Мен мақтан ететін жағдай, жетістігім», «Өзімді жақсы сезінетін орта» тақырыптары бойынша өз ойларын айтып, өз жазбаларын таныстырды.

«Өмір таразысы» жаттығуында студенттер "басқалар үшін өмір сүру" және "өзі үшін өмір сүру" екі өмірлік позицияны не себептен таңдағанын айтып, өз пікірлерін дәлелдеді. 

Тренингке «Жақсылық ағашын» толтыру арқылы рефлексия жасалды.

Ағаштың тамырына – жақсы сөздер, ағаштың жапырағына– жақсы ойлар мен .ғаштың жемісіне – жақсы істер жазылып, оқылды.

  

Батыс Қазақстан облысы әкімімен бекітілген «Өзіңнен баста-Начни с себя!» жобасын жүзеге асыру шаралары жоспарының 11 тармағын орындау, жасөспірімдер мен жастар арасында ұсақ бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің спорт алаңында «Өзіңнен баста-Начни с себя!»флеш-мобы өткізілді. «Өзіңнен баста – Начни с Себя!» акциясының мақсаты: қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтар мен күрес жүргізе отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшлік және қылмыстық құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету. Акцияның ашылу салтанатында директордың әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Х.Мажитов және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нұрлыбек Закариянұлы сөз сөйледі. Ұсақ бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидасының көрнекіліктері пайдаланылды.

 

«Сенімділік күш береді» тақырыбында 2пКШО-11 топ студенттеріне тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты: оқушылардың сенімділігін, мінез – құлық, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру.Ең алдымен студенттермен Сәлемдесу – жаттығуы орындалды.Нұсқау барлықтарыңыз орындықтарыңыздан тұрып өз жұптарыңызды табуларыңызды сұраймын. Бір – бірлеріңізге жимия қарап слайдтағы қызықты қимыл – қозғалыс арқылы бір – бірлеріңзге сәлем жолдау қажет. Мынадай сөздер айтылу керек. Сәлеметсіңбе? Қалайсын? Қайда болдың? Сен келдіңбе? Мен сағындым? Жақсы болды?

Видеролик: Мен сенімді тұлғамын

2 жаттығу «Мен саған сенімдімін»

Мақсаты: өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту, оқушылардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін жаздыра отырып басқалардың көзімен жақсы қасиеттерін білдіру арқылы сенімділіктерін арттыру.

 4 жаттығу «Менің көңіл - күйім» тест

Мақсаты:әдеттері, жеке ерекшеліктері туралы ойлануына мүмкіндік беру.

Нұсқау: Сіз төменде берілген пікірлерге «иә» және «жоқ» деп жауап беріңіз. Мүмкіндігінше ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест қорытындысы туралы мәлімет, ең алдымен сізге қажет. Ол тренинг жаттығуларына қатысу кезінде өзіңіз, әдеттеріңіз және жеке ерекшеліктеріңіз туралы ойлануыңызға мүмкіндік береді. Егер тесттегі мінез – құлық бойыңызда болса, онда «иә» деп жауап бересіз.

Рефлексия

Сұрақтар:

1.Бүгінгі кездесу сізге не берді?

2.Несімен ұнаған жоқ?

3.Тілегіңіз?

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 3

Вчера 246

На этой неделе 1007

В этом месяце 3

Всего 239085

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска