«Қайырымдылық» аясында

20.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді студенттері Орал қаласының жастармен жұмыс ресурстық орталығының жетекшілігімен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында ардагерлерге көмек көрсету қайырымдылық челлендж аясында қаламыздың тыл ардагері Сүлейменова Райса Насырқызының ауласындағы қарды тазалап, ардагердің ыстық ықыласына бөленді.

«Көмекке кел жас дос»

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысының 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялауының үлкен мәні бар.

«Эрудиттер, Алға!»

20.02.2019 күні «Мәдени-ағарту бірлестігінің» ұйымдастыруымен «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді мүшелері№40 мектептің бастауыш сынып оқушыларына «Эрудиттер, Алға!» атты интеллектуалдық ойынын ұйымдастырып өткізіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға өз үлестерін қоса білді.

«Екпе дегеніміз не?»

08/18.02.2019ж аралығында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде БҚО білім басқармасының 07.02.2019 күні жолдаған №3-10/678 шығыс хатына сәйкес, оқу процесіне вакцинацияның маңыздылығын насихаттау мақсатында 1-2 курс студенттеріне әлеуметтік педагог А.Мухсинова екпенің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Студенты группы 2аКДО проходили пробную практику в ясли-саду №50 «Заңғар»

С 28.01 по 15.02 2019 года студенты группы 2аКДО проходили пробную практику в ясли-саду №50 «Заңғар». По итогам практики в колледже прошла конференция на котором присутствовал заместитель директора по учебно-производственной практике Мукашев М.С.

Онкүндікті қорытындылау

«Өзін-өзі тану» мұғалімдері ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі екендігін түсіндіріп өтті.

«Мәңгілік елдің шымыр жастары»

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы» деп жариялануына орай Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде жоспарға сәйкес онкүндік аясында әлеуметтік педагог А.Мухсинова және жастар ісі комитетінің жетекшісі А.Махамбетованың ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің шымыр жастары» атты хоккейден 1асКШФТ-9, 1асКШФ-9 топтары арасында спорттық шара оздырылды.

«Ауғанның от жалыны»

13.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 30 жыл толуына орай алғашқы әскери дайындық жетекшісі Утегалиев Нұрлыбек Закариянович, «Ынтымақ» волонтерлар клубының мүшелері және 1аТМ тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Ауғанның от жалыны» атты тәрбие сағаты оздырылды. Шараның негізгі мақсаты - студенттерге патриоттық тәрбие беру, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым ете отырып, олардың ерен ерліктерін үлгі ету.

«Ел ертеңі- жастар»

2019 жылдың 12 ақпан күні сағат 14:30-да «Ел ертеңі - жастар» атты жастар жылының ашылу шарасы өткізілді. Аталмыш шараға Облысымыздың әр түрлі санаттағы жастары, жас ұстаздар шақырылды. «Ел ертеңі- жастар» жастар жылының ашылуына орай Облыстық жастармен жұмыс жөнінідегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Қаленова Гульжанат Оразбайқызы «Жастар жылында жасалатын жұмыстар, нақты тапсырмалар мен жүзеге асыру механизмдері» туралы; «Болашақ» бағдарламасының түлегі Айнұр Өтегенқызы Базарова «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жастар жылына қосар үлесі; «Болашақ» бағдарламaсына қалай дайындалғаны және Англиядағы оқу барысымен білім жүйесіндегі ерекшеліктерді атап өтті.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 155

Вчера 105

На этой неделе 155

В этом месяце 1009

Всего 188582

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска