Қазіргі қазақ қоғамы үшін рухани мәдениет саласындағы өзекті мәселелердің бірі – рухани ұғымдарды таразылап, қайта пайымдау, дәстүрлі мағынасын жаңғырта отырып, өскелең буын санасына берік орнықтыру. Өйткені қазір радикалды діни ағым өкілдері тарапынан рухани ұғымдарды бұрмалап түсіндірудің салдарынан құндылықтық бағдарламалар өзгеріске ұшырап отыр.
Адастырушы ақпараттардың толассыз жаулап алу үдерістері салдарынан қазіргі жастар ғана емес, аға буын өкілдері болып табылатын жалпы халық та рухани ұғымдардың дәстүрлі мағынасынан көз жазып қалды. Осы мақсатта 24–ші қазанда Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілері, түрлері бойынша БҚО Дін істері басқармасының мемлекетік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоңамдық қоры «Ақпарттық түсіндіру тобының БҚО тұрғындары, дін саласындағы мемлекеттік сасатты түсіндіру» аясында директордың әлеуметті ісі жөніндегі орынбасары Қ.Х.Мажитов және әлеуметтік педагог А.К.Мухсинованың ұйымдастыруымен 1пКШФ, 2асКШФТ, 2асКШФ, 1аКБ, 1пКШО-11 топ студенттері арасында «Болашағыңа балта шаппа» атты тәрбиелік шарада БҚО Дін істері басқармасының бас маманы Бейімбет Жамбылұлы Дүйсенәлі, БҚМУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Махамбетұлы Ғиззатов, «Ақжайық» волонтерлар клубының жетекшісі Мұратқызы Динара, Сириядағы қақтығыс аймағында болған «Жусан» операциясы бойынша елімізге қайтарылған жандардың бірі Айдана Максиммен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында БҚО Дін істері басқармасының бас маманы Бейімбет Жамбылұлы Дүйсенәлістуденттерге діни радикализм мен экстремизм идеологиясы қоғам санасына, интернет кеңістікті, қазіргі заманғы электрондық бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жаппай ақпараттық-психологиялық әсер ету жолымен енетінін, жалған уағызшылардың әлеуметтік желілерде онлайн–уағыз айтуының кең ауқымды таралуынан қатер артып отырғанын, аталған жайтқа қатысты сұрақтары болған жағдайда білікті дін қызметкерлеріне жүгіну керектігін жеткізді. Сонымен қатар БҚМУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Махамбетұлы Ғиззатовкертартпа діни көзқарасты ұстанатын ата–аналардың ықпалымен білім алушылардың білім беру ұйымдарында діни ерекшелігі бар киім киюге, кейбір пәндерді оқудан бас тартуына жол бермеу, сондай–ақ кәмелетке толмағандарды діни іс–шаралар мен діни бірлестіктердің қызметіне тартуға және қатыстыруға қатысты талаптарды бұзу фактілері орын алған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатынын атап көрсетті. Сондай-ақ «Жусан» операциясының аясында елге оралған әйелдердің бірі Айдана Максим еліміздегі бейбітшіліктің, мамыражай тіршіліктің қадірін уақытында тү¬сін-бегендігін, алайда Қазақстан билі¬гі шетелдегі соғыс аймағында қалған азаматтарын құтқарғандығына риза¬шы¬лығын білдіре отырып, дін саласындағы сұрақтарды ғаламтор сайттарынан емес, білікті дін өкілдеріне жүгіну керектігін жеткізді. Ара соңында «Ақжайық» волонтерлар клубының жетекшісі Мұратқызы Динара мотивациялық бағытта тренинг жүргізді. Өз кезегінде колледж студенттері аталған тақырыпқа байланысты дін өкілдері мамандарына өз сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Мемлекет дін саласында тұрақтылықты сақтау, қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, кез келген түрдегі және көріністердегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың қорғаныш күшін қалыптастыру бойынша нақты шараларды жүзерге асырып келеді, осы мақсатта да колледжмізде де алдын–алу шаралары жоспарда бар.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова