Жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстың алдын-алу және ескерту, оқудан жалтарған және қайыршылықпен айналысатын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттерге итермелейтін ересек адамдарды анықтауға бағытталған жергілікті жұмыстар ұйымдастырылады, сондай-ақ ата-аналардың балаларын тәрбиелеу бойынша жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың 30 қазаны – 2 қарашасы аралығында «Қайыршылық» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал қалалық ІІБ ЖПҚ ЮПТ УПИ майоры Айнұр Жанабайқызы Суықбаева, аға лейтенант Ринат Русланұлы Машанов, ДӘІЖО Қосай Хамидоллаұлы Мажитов, әлеуметтік педагог Ақбота Қайратқызы Мухсинова Евразия-Әбубәкір Кердері-Айтиев-Мұхит-Құрманғазы көшелеріне, «Галактика» ойын-сауық кешеніне, сауда орындарына, «Суши-Весла» дәмханаларына түнгі рейдке шықты. Тексеру барысында түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ескерту жасалды, хаттама толтырылды.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова