22 Сәуір күні Ақын Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығын тамашалауға 2асКШТ-9 топпен бардық. Орталықта Қадыр Мырза Әлінің мұражайы, кітапханасы бар. Мұражай сөресінен Ақ Жайық өңірінен шыққан қаламгерлердің Қажым Жұмалиев, Қасым Аманжолов, Тайыр Жароков, Сағынғали Сейітов, Хамза Есенжанов т.б. ақын-жазушылардың еңбектерімен, өмірбаяндарымен, тұтынған бұйымдарымен танысуға болады. Қадыр Мырза Әлінің жеке кітапхана қорындағы 7 мыңнан астам кітаптың 6767-сі бар, Ақын Қадыр Мырза Әлге тиесілі болған заттар, қымбат мұра ретінде орталықтың мұражайына қойылған.