Колледжімізде 2022 жылдың 08 сәуір күні диплом алды практикасының қортынды конференциясының екінші күні 4аКДО-9, 4б КДО-9, 4сКДО-9, 3пКДО-11, 4с КШО-9, 3а КШО-11, 3пКШО-11, 3пКШТ топ студенттері практика барысында жүргізген жұмыстарының қортындысы бойынша есеп берді. 4а КДО-9, 4б КДО-9, 4сп КДО-9 топ студенттері өз презентацияларында Батыс Қазақстан облысының әртүрлі аудандарынан жоспар бойынша мектепке дейінгі тәрбие бағытындағы білім беру салаларында «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бойынша күн тәртібіндегі ұйымдастырылған оқу қызметтерін, түрлі ойындарын, ата-аналармен жұмыстарын белсене өткізіп келгені жөнінде жарыса баяндады.
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың жастарына сәйкес келесі міндеттердің орындалуын: дене бітімі қасиеттерін дамытуын, қимыл дағдыларын қалыптастыруда қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастырып, өткізген.Осы салада студенттер балалармен ертеңгілік жаттығулар, серуен сабақтан тыс барысында қимылды ойындар, спорттық ойындар мен ойын-сауықтар ұйымдастырды.
«Қатынас» білім беру саласы мемлекеттік және ана тілін үйренуге дайын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру. Осы салада студенттер «Салыстыру» ойыны, «Сөз тізбегі» ойыны, «Бір тізбекте байланысқан», «Белгісіз сөз», «Бұзылған телефон» ойындарын ұйымдастырды. Сонымен бірге сауат ашудан жұмыс дәптері мен жұмыс жасатып, ертегілерді әңгімелеу бағытында ұйымдастырылған оқу қызметтерін әртүрлі жастағы балалармен өткізді. Машыққерлер сабаққа қажетті демонстрациялық және үлестірмелі құралдарын жасап шықты.
«Таным» білім беру саласы балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, зерттеу арқылы танымдық құзыреттілікті қалыптастырады. «Таным» саласы бойынша балалармен жұмыстанып, білімді өз бетінше ізденіп, ақпарат жинауын, бір-бірімен ақпарат алмасып, іскерліктерін, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыруларына көңіл бөлген..
«Шығармашылық» білім беру саласы. Шығармашылық білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Студенттер осы салада балаларға түрлі түсті боялармен дәстүрден тыс сурет салдырып, ұлттық өрнектерді боятып, түсті қағаздарын пайдаланып әдемі ашық хаттарды жасауды ұйымдастырылған оқу қызметтерін сәтті өткізе білді.
"Әлеумет" білім беру саласы әлеуметтік дағдыларын игеруді, қоғамда өзін-өзі ұстай білудің адамгершілік нормаларын, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін, дербестігін тәрбиелеуді, өзінің отбасы мен құрбыларына жақындық сезімін, оларға құрметпен қарауды, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыруды, еңбек түрлері мен түрлі мамандық иелеріне қызығушылықты қалыптастыруды қамтиды. Студенттер балалармен түрлі тренинг, соның ішінде «жүрекке жүрек», «бір-бірімізге жылы сөз», «біз бергеміз» және «күн мен жаңбыр» және тағы басқа қимылды ойындарын қажетті құралдарды пайдаланып сәтті ұйымдастыра білді. Машықтың сәтті өткен нәтежесі ретінде топ студенттері машықтан өткен базалардың атынан алғыс хаттармен грамоталарға ие болды.
4сКШО-9 тобының студенттері практика барысында тақырыпты болжау мақсатында «Әуе шар», «Жаңбыр тамшылары», «Паравоз», «Жұмбақтар», «Суреттер сөйлейді» әдістерін, өткен тақырыптарды тексеру үшін «Мюссенберг», «Пазл», «Сұрақ жауап» әдістерін, сабақты қортындылау мақсатында «Смайлик», «Қол шапалақтау», «Менің күнделігім», «Шеринг» әдістерін қолданғандарын көрсетті. Машықтан өткен мектептерінде апталықтарға, әр түрлі пәндер бойынша олимпиадағыларға өз сыныптарынан оқушыларын қатыстырып жүлделі орын иеленген. Үлгерімі төмен оқушыларға қосымша сабақ жүргізіп, деңгейлік тапсырмалар беріліп, грамматикалық тапсырмалар түсіндіргендері жөнінді жарыса сөз алды.
3а КШО-11, 3п КШО-11 топтар студенттері практика барысында белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастыруды түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, сабақты жоғары деңгейде жүргізді. Студенттер жиынтық бағалаудың мазмұнын және ұйымдастыру тәртібін білу мақсатында «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» құралындағы бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілерімен танысып, балл қою кестелерін түсініп, мұғаліммен бірге бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттарымен бағалау критерилеріне сәйкес жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастырып және БЖБ,ТЖБ өткізу және нәтижелерін талдау үрдісіне қатысқандарын айтты. Студенттер машық кезінде сабақ беріп қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға қатынасып, марапаттар алды.Бірнеше студент өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, жұмысқа шақырту алған.
3п КШТ-11 тобының студенттері диплом алды машығында көркем еңбек сабақтарын, тәрбиелік шараларды ұйымдастырып, ерекшеліктерін меңгерген. Машық барысында көркем еңбек үйірмесін жүргізіп, көрмелер өткізген. Студенттер өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп, сабақтарында жаңа технологияларды қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырғандары алған алғыс хаттарында жазылған. Практикалық конференция барысында студенттер диплом алды практикасынан алған әсерлерін үлкен шабытпен ортаға сала білді. Әр қолданған жаңа технологияларынан үзінді көрсетті. Сыныптан тыс жұмыс, сергіту сәттері, флешмобтарын аудиториямен бірге қызықтыра орындады.