Колледжімізде 2022 жылдың 07 сәуір күні диплом алды практикасының қортынды конференциясының бірінші күнінде 4аКШК, 4сКШК, 4сКШИ-9, 3пКШИ-11, 4с РШИ-9, 3пКШИ-11, 4аКШФ-9, 4аКШФТ, 3пКШФ-11 топ студенттері практика барысында жүргізген жұмыстарының қортынды есептерін презентациямен баяндады. Студенттер шағын көрмелерінде практика құжаттары, қолданған көрнекіліктері мен дидактикалық материалдары, практикалық жұмыс нәтижелерімен таныстырып, алған әсерлерімен бөлісті.
Диплом алды практикасыннан студенттердің тек Орал қаласы, облыс аудандары емес, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан өтулері білім алушылардың географиялық аумағының кеңдігін байқатты. Студенттер колледжден алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді. Бөлінген сыныптары бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ) және тәрбие жұмысының жоспарын құрып, жеке пәндер әдістемесі бойынша әдістемелік қоржын жасақтады.
4аКШК-9, 4сКШК-9 топтарында студенттері оқу-тәрбие жұмыстарында өздеріне сенімді болып, еркін ұстап, жауапкершілікті сезініп, сабақты түрлендіріп, жаңа технология элементтерін пайдалана алуы, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай дайындауы, барлық сабақтарын жақсы деңгейде өткізулері практика базаларынан толтырылған № 3 сауалнама қортындысынан көруге болады. Машық барысында студенттер оқу мақсатына сай сабақ жоспарлауға, тапсырмаларды іріктеп, дискриптор құрастырып, әрбір тапсырмада қалыптастырушы бағалауды 10 балдық жүйемен бағалап отырды. Машықкерлер оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіруді мақсат етті.Сабақтарын тиімді өткізу үшін интерактивті тақтаны, қима қағаздарды, деңгейлік тапсырмаларды қолданды. Әр сабақта қосымша деректер беріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Практика барысында сынып жетекші қызметін атқарып, тәрбие сағаттарын, оқушылардың бос уақытында, қоңырау кезінде өткізуге болатын тәрбиелік шаралар, ойындар, тренингтерді сыныптан тыс шараларды да ұйымдастырды. Сыныппен жұмыс кезінде үш түрлі дәптер бастап күнде толтырып отырды. «Ата-анамен байланыс дәптері», «Сабаққа қатынас дәптері», «Эмоционалды экран» және рейдке шыққан соң «Рейд дәптерін» жазып жүрді. 4а КШФ, 4с,п КШФ ,4 а КШФТ топ студенттері практика кезінде оқу-жаттығу сабақтарына үнемі ұқыпты дайындалған, өз мектептерінде жарыстар ұйымдастырып, қызықты өткізді.
4спКШИ топ студентері колледжде жаңартылған білім мазмұны бойынша өткен курстардан алған білімдерін шебер қолдана білді. Әрбір студент оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сабақтың мақсатына, мазмұнына, кезеңдеріне, балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолдана алған. Машық барысында сабақтан тыс үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстанып, деңгейлік тапсырмалар беріліп, грамматикалық тақырып түсіндірген.
4сРШИ-9 тобының студенттері практика барысында келесі педагогикалық дағдылар: сабақтарды өткізу үшін қажетті теориялық және практикалық материалды өз бетінше таңдау қабілеті, оқушылардың оқу және сыныптан тыс іс-әрекеттерін басқару бойынша өз жұмысын жоспарлай білу, әртүрлі жағдайларда ортақ тіл мен дұрыс тонды табу, әр оқушыға жеке көзқарас және 10 балдық шкала бойынша бағалауды үйренді.
Болашақта өздерінің жақсы маман бола алатындарын дәлелдеген студенттерге жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға ұсыныстарын білдірді:
4а КШК-9 тобынан, Қалекес Ақерке, Нұрқанова Алтын, Джангужиева Әдемі, Жармухамбетова Айсулу, Нұржан Алуа, Орынбасар Береке, Ешмурзиева Асылжан, Мукашева Аяулым, Ахметжанова Мереке.
4с КШК-9 тобынан Амангелдива Назым, Березина Ирина, Болатжанқызы Наргиза, Жомартова Алиса, Усагалиева Амина,
4а КШФТ-9 тобынан Аманжол Мөлдір, Бейбітәлі Бекасыл, Сайлау Мағжан, Қадыржанов Рахат, Асанова Дана, Набиуллина Асылзада,
4а КШФ-9 тобынан С.Ескаиров, С.Нұрлыбаев,
4с КШФ-9 тобынан А.Қылыш, Б.Бисенов, А.Каримов Е.Жасталап, Б.Жасқайратов.
Конференцияда студенттер практикадан алған әсерлерін, кездескен қиындықтары мен қызықты сәттерін жарыса, көтеріңкі көңіл-күймен баяндады.
Диплом алды практикасын қортындылауға директордың м.а Кенжегалиева.С.М, директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев, «Білім бейіні» оқу-әдістемелік орталығының орынбасары Нурашева.Г.С құрамында комиссия жұмыстанып, талдау жасады.