Біз үшін бүгін 2022 жылдың қараша айының 20-шы күні тарихи сәтте азаматтық ұстанымызды білдіру мақсатында дауыс беріп, өз таңдауымызды жасадық. Үлкен өзгерістер алдында тұрған мемлекетіміз үшін бүгінгі сайлаудың маңызы зор деп есептейміз.
Сүйінші!!!
Жаһанша колледжінің тағы бір жұлдызы жанды!
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Кошанова Зауреш Аманкосқызы республикалық «Үздік педагог-2022» байқауының жеңімпазы атанды.
17 қараша күні студенттер үйінде, Студенттер күніне орай «Студент болып өтсе ғой, әр адамның жас шағы» атты мерекелік шара өтті. Мақсаты: студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
Бүгін Жаһанша колледжі ұжымының ұйымдастыруымен «Жұмыс берушілер күні» шарасы өткізілді. Шараға бірнеше жылдан бері студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға әдістемелік қолдау көрсетіп, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз еткен жергілікті мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары шақырылды. Аталмыш білім беру мекемелері кәсіптік педагогикалық практика нәтижесі бойынша колледж түлектерін жұмыспен қамтып, жас мамандардың тағлымдамадан өтіп, тәжірибе жинауына барынша жағдай жасап келеді. Бағдарламаның мақсаты - қадр даярлау сапасын арттыру жолында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді байланыс орнатып, өзара ынтымақтастықты нығайту.
14 қараша күні №3 қалалық емханасының акушер-гинекологы А.А.Отарова және акушер Ж.О.Серікқалиеваның қатысуымен ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында студенттер үйінің қыздарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде қыз балаларға «Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі» тақырыбында дәріс оқылды.Гинеколог А.А.Отарова жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.Дәріс соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
3 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 3апРШО-9 тобында қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен оқытушы А.Ж. Темрешева «Қазақ тілі мұғалімі моделі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Студенты специальности "Дошкольное воспитание и обучение" 3 и 4 курса приняли активное участие в Республиканском дистанционном конкурса детского творчества "Юные таланты Казахстана 2022", проходивший с 15 октября по 15 ноября 2022 года, организованного вспомогательным образовательным сайтом This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..