14 қараша күні №3 қалалық емханасының акушер-гинекологы А.А.Отарова және акушер Ж.О.Серікқалиеваның қатысуымен ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында студенттер үйінің қыздарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде қыз балаларға «Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі» тақырыбында дәріс оқылды.Гинеколог А.А.Отарова жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.Дәріс соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.