«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты пікірталас
Бүгін 24.11.2022 күні студенттер үйінде тәрбиеші Н.Д.Байтақованың ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты пікірталас өтті. Мақсаты: студенттердің үлкен өмірге нық қадаммен аттауына ат салысу, психикалық тұрғыда көмек көрсету, жол сілтеу.
Пікірталас болашақ жас мамандарымыздың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделулеріне, басқа адамдарды түсінулеріне, психологиялық қолдау көрсетіп, өздерін дамытуларына бағытталды. Пікірталасқа 4аРШО-9, 4аФК-9, 4аМК-9, 4аКШО-9, 4аКДО-9, 3аКШИ-11 топтарының студенттері қатысып, сауалнамаларға жауап беріп, өзара пікір алмасты.