Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 23 желтоқсан күні практика бөлімінің жоспарына сәйкес студенттердің диплом алдындағы практикаға дайындық деңгейін анықтау мақсатында конференция ұйымдастырылды. Конференцияға «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім беру», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Физика мұғалімі», «Математика мұғалімі», «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын студентер, практикаға дайндаған әдіскерлер және сараптау комиссиясының мүшелері ретін колледж директоры А.Ж.Кайрлиева, директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары С.М.Кенжегалиева, директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Р.М.Ғалымова, директордың оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары М.С.Мукашев, практика бөлімінің педагог ұйымдастырушысы Н.Б.Нурлановалар қатысты.